Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің Айыртау ауданының пробация қызметі есебінде тұрған қоғамнан оқшауланбай жазаға сотталған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтар мен қайталанба қылмыстарды алдын алу мақсатында 2022 жылдың 09 қарашасынан бастап 11 қарашасына дейін «Правопорядок» атты республикалық профилактикалық іс-шара өткізілді.
«Правопорядок» іс-шара кезінде тексерулер кезеңінде сотталғандардың арасынан жазаны өтеу шарттары мен тәртібін бұзған, жаңа қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдармен алдын-алу әңгімелер өткізіліп, адамдардың жаппай жиналу орындары тексерілді.
Есепте тұрған контингенті тарапынан әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған кезде сынақ мерзімін ұзарту немесе жазаны бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы мәселелер шешіледі.
Тұрғылықты жерінде болу кестесін бұзған сотталған адамдарға тәртіптік жаза қолданылады.
СҚО бойынша ҚАЖД
Айыртау ауданының ПҚБ инспекторы
әділет аға лейтенанты
Б.Боранбаев


