Сотталғандармен жұмыс кездесуі

2022 жылдың қазан айында «АМАНАТ» партиясының ғимаратында бірлескен жұмыс кездесуі өтті, оған Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары А.Дюсенбинов, Шал ақын ауданының прокуроры Т. Салпыков, пробация қызметінің бастығы Р.Степанов, жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің бастығы С.Токумбетов және жергілікті полиция қызметінің бастығы А.Муратов қатысты. Сондай – ақ, шараға пробация қызметінің есебінде тұрған және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар шақырылды.

Кездесуде пробация қызметінің бастығы Р.Степанов атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, прокурор Т. Салпыков сотталған адамдарды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам» Жолдауымен таныстырды.

Осындай кездесулер Шал ақын ауданының аумағында тұрақты негізде өткізіледі, бұл сотталғандар тарапынан қайталанба қылмыстарға жол бермеу мақсатында және есепте тұрған адамдардың ой-өрісін кеңейтуге ықпал етеді.

Шал ақын ауданының ПҚБ бастығы

әділет майоры  Р. Степанов

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошёл шахматный турнир среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...