12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Түркістан пробациясы үш жағдайы төмен отбасыға қайрымдылық жасады

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», — дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық — адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.

Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Елімізде қымбатшылық белең алғалы бері Түркістан қалалық пробациясы түрлі жобалар мен акцияларды қолдап, қайырымдылық көрсетіп аяғын шалыс басқан жандарға қайырмдылық жасауда. Жақсылыққа жаны құмар осындай қызметкерлер пробация есебінде тұратын аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларға қолдау білдіріп, азық-түлік себеттерін үлестіруде.

Осындай игі амалдарға мұрындық болып, көмек көрсетіп отырған жомарт жандардың жақсылығын айтпау кету айып болар. Қайырымдылық-қадірлі іс! Осы ұстанымға берік Түркістан пробациясы мен қала әкімдігі бірлесіп үш отбасына көмек қолын созды.
Сотталғандарддың әлеуметтік тұрғыдан аз қорғалған бөлігіне көмек қолын созу арқылы қиын-қыстау кезеңде мейірімділік пен ізгілікті жоғалтпау болып табылады. «Кең болсаң, кем болмайсын» деп ата-бабамыз бекер айтпаса керек.

Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады. Қайырымдылық жасауды қаржылай көмек көрсету ғана деп ұқпау керек. Сөзбен де, іспен де, басқа жолдармен де қайырымдылық жасау – борышымыз. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіндігің жетіп тұрса неге қол ұшын созбасқа?! Пробация қызметі есебінде тұрған жағдайы төмен отбасыларға қолымыздан келгенше көмек қолын созуға тырысамыз. Себебі, олар көмекке мұқтаж. Осылай көмек көрсету арқылы сотталғандарды қоғамға араласуға бейімдейміз. Осындай қайрымдылық шарасы осымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта да игі істер жасау жоспарда бар, – деді Түркістан қалалық пробация қызметі инспекторы Дулат Мықтанбек.

«Елге қызмет – баршаға міндет» демекші, қолында бар қазынасын әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға бөлісіп, бес күндік тіршілікте тек сауап жинаған жаны жомарт қызметкерлерге пробация қызметінің есебінде тұрғандар алғысын жаудырып, қандай құрметке болса да лайық екенін жеткізді. Көмек алған отбасылар қайырымдық шарасын ұйымдастырушыларға ізгі тілектерін білдіріп ақ батасын беріп, алғыс айтты.

Мен қала әкімдігі мен пробация қызметінің тарапынан жасалған күтпеген қайрымдылық үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Қазіргі қымбатшылық кезеңде жағдайы төмен отбасылар мен көп балалы аналарды ұмытпаған жөн. Әрине, мен өзімнің жасаған қателігіме қатты өкінемін. Жұмыссыз отырған адам отбасын асырау үшін түрлі әрекетке барады екен. Қазір өзімнің жасаған қателігіме қатты өкінемін. Түркістан қалалық пробация қызметінің инспекторлары менің түзелуіме өз септігін тигізіп келеді. Сонымен қатар, ұйымдастырылып отырған осындай қайрымдылық шарадан қалдырмай қолдау көрсетіп жүрегіне алғыс айтамын, — деді сотталған азамат.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

№11 мекемедегі балалар колониясында сенбілік өтті

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №11  мекемесінде «Таза Қазақстан»...

Ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізілді

Бүгін ҚАЖ департаменті #64 мекемесіне Республикалық ақпарат насихат тобының...

Осужденные отметили Национальный день книги

В учреждениях Департамента Уголовно-исполнительной системы по городу Астане прошли...

Важности традиционно ислама и профилактики религиозного экстремизма

Столичное Учреждение #3 минимальной безопасности города Астаны посетил представитель...

Теолог сотталғандармен профилактикалық әңгіме жүргізді

Астана қаласының № 3 ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде діндерді...