12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Маңғыстау пробациясы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — басты міндет

Маңғыстау облысының пробация қызметі жеке құрамының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде. Өңірдің ҚАЖ департаментінің пробация қызметкерлеріне заңдардың, Ар-намыс Кодексінің нормалары, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекет қабылдайтын шаралар жеткізіледі. Сондай-ақ, қызметкерлер сыбайлас жемқорлық фактілері туралы заңмен жазаланатынын жақсы біледі.

Кешенді ұйымдастырушылық іс-шаралардың нәтижелері пробация қызметкерлерінің құқықтық сауатсыздығын жою болды, енді бәрі заңның сыбайлас жемқорлыққа қатысты қатал екенін түсінеді. Заң пара алушыларға ғана емес, заңсыз сыйақы берушілерге де қатал.

Мәселен, Мұнайлы ауданының пробация қызметі 2021 жылы мәжбүрлі еңбектен босату туралы мәселені шешкені үшін есепте тұрған «М» сотталғандарға пробация қызметкеріне пара беру туралы Департамент басшылығына уақтылы баяндады. Заңсыз әрекеттер тоқтатылып, құжатталды. Мұнайлы аудандық соты пробация қызметінің қадағалауындағы «М»-ға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 367-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бастап осы бөлімнің қызметкерлері Департамент басшылығына тағы екі осыған ұқсас фактіні баяндады. Пробация қызметкерлерінің шотына ақшалай қаражат түскен болатын, ол туралы олар басшылыққа дереу баяндады. Аталған фактілер құжатталып, Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаментіне берілді. Мұнайлы аудандық сотымен сотталғандар «А» және «К» ҚР ӘҚБтК-нің 676-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі) және әрқайсысына 428 820 теңге сомасында айыппұл салынды.

В Алматинской области и области Жетісу 74 осужденным предоставлена отсрочка отбывания наказания

В Департаменте уголовно-исполнительной системы по Алматинской области и области...

У истоков. Колледж, где дают второй шанс

Есть люди, которые не просто работают — они становятся...

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...

Республика күні: №14 мекемесінде гимн шырқалып, спорттық сайыстар өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14...