«Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқаулығына сәйкес 2022 жылдың 9-11 қараша аралығында республикалық «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы өтті. Іс -шараның мақсаты- құқық бұзушылықтардың және қайта қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті бұзушылықтардың жолын кесу болып табылады.
Қызылорда қалалық пробация қызметі бастығы әділет подполковнигі Р.Алимовтың айтуынша, қазіргі таңда пробация қызметінің есе

бінде 600-ден астам сотталған есепте тұр. «Құқықтық тәртіп» РПШ өткізу кезінде сотталғандармен олардың тұрғылықты жері бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Сонымен қоса қайта қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға бейім сотталғандарға ерекше назар аударылды.Пробация қызметінің инспекторлары сотталғандар тарапынан бірқатар құқық бұзушылықтарды анықтады.

Олардың әрқайсысы бойынша заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Сонымен қатар, іздеуде жүрген сотталған адамдарға қатысты жедел-іздестіру іс-шаралары да жүргізілуде.

Жаза өтеуден қасақана жалтарған үш сотталғанға қатысты сынақ мерзімін ұзартуға, төрт сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы сотқа ұсыныстар жолданды. Сондай -ақ тағы үш сотталғанға ескерту шарасы берілді»- деді пробация қызметінің бастығы Р.Алимов.

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...

Қазақ тілінің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлі

Қазақ тілі – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы,...

Безопасная среда

В СТОЛИЦЕ ВЕДЕТСЯ ЦЕЛЕНАПРАВЛЕННАЯ МОДЕРНИЗАЦИЯ СИСТЕМ ВИДЕОНАБЛЮДЕНИЯ В УЧРЕЖДЕНИЯХ...

 Когда забота становится преследованием

СНАЧАЛА ЭТО ВЫГЛЯДИТ СОВЕРШЕННО БЕЗОБИДНО, ПОСКОЛЬКУ В НАЧАЛЕ ОТНОШЕНИЙ...