Бүгін Қызылорда қалалық пробация үйінде пробация есебіндегі азаматтардың қатысуымен «Менің болашағым» тақырыбында тренинг өтті. Тренингті «Жігер» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің психологы Қарлығаш Қойшыбаева және Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу оңалту орталығының маман психологы Зарина Бисекова жүргізді.
Сотталған азаматтардың өмірге деген көзқарасын дамыту, олардың өздеріне деген сенімділікті нығайтуға бағыт – бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған тренинте психолог мамандар сотталғандармен психологиялық жаттығулар мен психодиагностикалық зеттеу жұмыстарын жүргізді.
«Бүгінгі тренингте психолог мамандардан кеңес алдым. Біз сияқты жаза басып, жаңылған азаматтарға осындай тренингтердің берері мол. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Алға қойған мақсатыма жету жолында барынша еңбектеніп талпынып жүрмін»,- деді есептегі сотталған.
Шара соңында есептегі азаматтар тренингке белсенділікпен қатысып, өз ойларын да ортаға салды.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД


