Жеке құрамның кәсіби шеберлігі шыңдалды

Қылмыстық атқару саласына қарасты Қызылорда облысындағы № 68 мемлекеттік мекемесінде «Сотталғандарды кепілге алу және қашу кезіндегі жеке құрамның әрекеті» тақырыбы бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығу шарасы өткізілді

Оқу жаттығудың негізгі мақсаты : мекеменің жеке құрамын төтенше жағдайларды кесіп өту үшін шебер және шешуші іс-қимылдарға үйрету, әртүрлі жағдайларда қызметтік міндеттерді орындау кезінде жауынгерлік тәртіп элементтерін пысықтау, сондай-ақ жедел іс-шараларды ұйымдастыруда жедел штаб мүшелері мен жеке құрамының дағдыларын жетілдіру және қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде мекеменің басшы құрамына практикалық көмек көрсету болып табылады.

Оқу-жаттығу барысында тактикалық әдістер пысықталып, жеке құрамды жылдамдыққа, төзімділікке, тапқырлыққа және жергілікті жерге бағдарлауға жаттықтыру жүргізілді. Әр қызметкер кез-келген жағдайда жұмысқа дайын болу үшін өзінің кәсібилігін жоғары деңгейде ұстауы керек.

Мұндай жаттығулар қызметтік даярлықтың ажырамас бөлігі болып табылады, — деп атап өтті режим бөлімі бастығының орынбасары әділет капитаны Ерлан Романкулов

Өткізілген тактикалық-арнайы оқу-жаттығулардың соңында басшылар тарапынан іс- шара барысы зерделеніп, қорытындысы шығарылды.

Қорытынды бойынша №68 мемлекеттік мекемесінің жеке құрамының кәсіби даярлығы оң нәтижие берді деп бағаланды.

Абай облысы ҚАЖ мекемелері арасында шахматтан онлайн турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ басқармасының қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...

В учреждении минимальной безопасности состоялся онлайн-турнир по шахматам

В учреждении минимальной безопасности УИС по области Абай состоялся...

Абай облысының мекемелерінде онлайн шахмат турнирі өткізілді

Абай облысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталғандар...