12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жаза өтеуден жалтарған Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық пробация есебіндегі азамат бас бостандығынан айырылды

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының 27 жастағы тұрғыны Сот белгілеген жаза өтеу шарттарын бұзғаны үшін бас бостандығынан айырылды. Ол бұған дейін ұрлық бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталып, 2021 жылы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мәртөк аудандық пробация қызметіне есепке алынған болатын.

Есепке алынған күннен бастап, Мәртөк аудандық пробация қызметкерлері сотталған Т.- ға бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаның өтеу шарттары және жазаны өтеу тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар, пробация қызметкерлері сот жүктеген міндеттер мен бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібінің шарттарын қаскөйлікпен бұзу — сот тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген мерзімін дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылатыны жөнінде ескертіп, сотталған азаматтан жазбаша қолхаттар мен түсініктемелер алды.

Алайда пробация есебінде тұрған сотталған Т. жаза өтеу барысында пробация қызметіне тіркелуге келмей, жаза өтеуден жалтарып, жасырынады. Осыған байланысты Сот аталған есепте тұрған азаматқа іздеу жариялайды және Мәртөк аудандық пробация қызметі аудандық криминалдық полиция қызметкерлерімен бірге республикалық «Участок» жедел- профилактикалық іс- шарасы нәтижесінде жаза өтеуден жалтарған есепте тұрған азаматты ұстайды.

Ашық Сот отырысында сот талаптарын орындамаған есепте тұрған азаматтың тарапынан жоғарыда орын алған заңбұзушылыққа байланысты сот үкімімен жазасының өтелмеген қалған бөлігі, яғни 2 жыл 28 күні бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Айта кету керек, Пробация қызметкерлері жаза өтеуден жалтарғаны үшін бас бостандығынан айырылған есепте тұрған сотталғанға қатысты ашық сот отырысына «сабақ алу» мақсатында қайта қылмыс жасауға бейім өзге де есепте тұрған сотталғандарды қатыстырды.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы
Фото: Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД

№20 мекемеде сотталғандарды жұмыспен қамту және өндірістік әлеуетті дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №20 мекемеде...

В учреждении №20 обсудили вопросы занятости осуждённых и развития производственного потенциала

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Турнир по теннису ко Дню независимости объединил осуждённых в учреждении максимальной безопасности

В области Абай в учреждении максимальной безопасности состоялся турнир...

В учреждениисредней безопасности ДУИС по области Абай отметили День Независимости Республики Казахстан

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...