Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №49 мекеме аймағында «Талдыкорганский Региональный Фонд Содействия Занятости» қоғамдық қорының директоры Светлана Садуакасова және әлеуметтік жұмысшының ұйымдастыруымен, жазасын өтеушілермен «Отбасы күні» атап өтілді.
Мереке қарсаңында, сотталғандармен тренинг жүргізіліп, мекеме кітапханасының қорын ұлғайтып, әдеби кітаптар сыйға тартылды.
Сонымен қатар, №12 мекеменің акт залында Қонаев қаласының пробация қызметінде есепте тұратын және қауіпсіздігі төмен мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.


