12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тергеу изоляторындағы жастардың басым бөлігі бақылаушы қызметінде

Елімз нығайып, дамуы жолындағы қылмысқа қарсы күрестің қарқынды жүргізілуі – мемлекеттік тұрақтылықты сақтаудың бірден-бір жолы. Олай болса, Қылмыстық атқару саласына қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде жұмыс жасап жүрген бақылаушылардың еңбегі ерен.

Ал, мекемедегі ең көп сұранысқа ие – бақылаушы қызметі. Бұл қызметке жастар көптеп тартылады. Бүгінде мекемеде 89 бақылаушы жұмыс жасайды. Олардың дерлігі отызға да толмаған тепсе темір үзетін жастар. Соның бірі, Режим және Күзет бөлімінің бақылаушысы әділет сержанты Әбдішүкір Асылжан Ғалымжанұлы.

Еңбек өтілі бір жыл. Әскери борышын өтеу барысында қатаң тәртіпке шыңдалып, ішкі істер саласында қызмет атқаруды мақсат тұтып келген. Менің негізгі атқаратын жұмысым қамаудағылардың іс-қымылын бақылау, оларды адвокаттарымен,туыстарымен кездесуге тасымалдау болып табылады.

Сырт қарағанда бұл оңай жұмыс болып көрінуі мүмкін. Алайда мұнда әртүрлі жазаға тартылған заң бұзушылардың келіп түсетінін ескеру керек. Сондықтан қамаудағыларды мекеме ішінде тасымалдау кезінде сақтық шараларын сақтап, заңсыз байланысқа түспеуді басты назарда ұстаймын.

Сондай-ақ, камерадағылардың ішкі күн тәртібін бұзбауын, өрескел қимылдарға бармауына жауаптымын. Талап пен тәртіпке бағынып қызмет етуді өзімнен де бақыланушымнан да талап етемін- дейді, әділет сержанты.

Режим және Күзет бөлімінің аға бақылаушысы, әділет сержанты Нағашыбай Нұсұлу. Еңбек өтіліне үш жыл болған. Бұл салаға келуіне мектептегі алғашқы әскери сабағының әсері болған. Мен мекемедегі №2 бақылау пунктінде мекемеге кірген — шыққан қызметкерлер мен келушілер ( құзырлы орындардан келетіндер мен қамаудағылардың туыстары) жіті қадағалап, келу-кету журналына тіркеп отырамын.

Айтар ауызға оңай болғанмен өте сақтық пен қырағылықты талап етеді бұл жұмыс.

Барлық жерде бейне бақылау, әйтсе де әр қызметкер өз міндетін жауапкершілікпен атқару керек. Жұмысқа тұрарда ант қабылдадым. Отаныма адал қызмет ету басты парызым екенін жадыма құйып алғанмын.

Ел тыныштығын сақтау жолында қызметіне деген адалдықты өмірлік ұстанымы етіп алған погондағы бұл қызметкерлер қоғамдық жұмысқа да белсене қатысады.

Нұрсұлу қайырымдылық жасап, Асылжан патриоттық әндерді насихаттап жүрген тергеу изоляторының белсенді жастары.

Сотрудниками УИС проводится работа по реабилитации осужденных к освобождению

С участием сотрудников Департамента УИС по г. Алматы, Алматинской...

Сотталғандарға әлеуметтік тұрғыдан бейімделуге барынша көмек көрсету — басты назарда

Пробация қызметінің мақсаты – шартты түрде бас бостандығынан айырылған...

В суде был проведен показательный процесс с участием осужденных, состоящих на учете в службе пробации

В целях предупреждения повторного совершения осужденными преступлений по инициативе...

Сотқа пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандардың қатыстырыла отырып, көрнекі процесс өткізілді

Сотталғандардың қайталап қылмыс жасауының алдын алу мақсатында Алмалы ауданы...

«Жалғыздық үкім емес» тақырыбында тренинг өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік...