Полицейлер үйіне есірткі жасырған жергілікті тұрғынды анықтады

Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғынның үйінде заңсыз есірткі сақтайтыны туралы ақпарат келіп түсті. Аталған жайт Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабымен «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» қылмыстық құқық бұзушылық бойынша тіркелді.

Ал облыс орталығының тәртіп сақшылары хабар алысымен аталған мекенжайға шұғыл жетіп, тұрғын үйге тінту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде сезіктінің үйіндегі диванның қуысына жасырылған газет орамасын тапты. Оның ішінен есірткі затына ұқсас зат тәркіленіп, тиісті сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысына сәйкес ол «кептірілген марихуана» болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты ҚК-нің 296-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдікті ер адамның басқа да қылмыстық жайттарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға есірткі заттарын сақтау мен заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...