Полицейлер жол-көлік оқиғасын жасаған мас халдегі «Зил» жүк көлігінің жүргізушісін анықтады

Төлеби аудандық полиция бөліміне түнгі сағат 00:40 шамасында Мәдени ауылы көшелерінің бірінде жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына шұғыл тергеу тобы шықты. Полицейлер тексеру барысында жанармай құю бекетінің алдында «Зил» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі «Volrswagen touareg» көлігімен соқтығысып, жол апаты орын алғанын анықтады. Жүргізушілердің құжаттарын тексеру кезінде «Зил»  жүргізушінің мас күйіне күмән келтірген полицейлер, оны  медициналық сараптамадан өткізді. 
Нәтижесінде жергілікті тұрғын егде жастағы ер адамның «орта дәрежелі» мас халде екені анықталды. Аталған жайтты полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігімен тіркеуге алып, жинақталған іс құжаттарын сотқа жолдады. Ал Төлеби аудандық соты жүргізушіні кінәлі деп танып, 20 тәулік әкімшілік қамаққа және жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырды.                           Сондай-ақ Леңгір қаласында да мас жүргізіші анықталды. Нақтырақ айтсақ, қала көшелерінің бірінде жүргізуші куәлігі жоқ жас жігіт «ВАЗ 21074» маркалы автокөлікпен «Тойота Камри» көлігін соққан. Оқиға орнына шыққан полицейлер «ВАЗ 21074» көлігінің жүргізушісі мас екенін анықтады. Нәтижесінде Төлеби аудандық сотымен жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулікке қамауға алынды.              
Жалпы жол апаттарының алдын алу, болдырмау мақсатында төлебилік тәртіп сақшылары тәулік бойы қызмет етуде. Мәселен жыл басынан бері ішімдік ішіп, көлік тізгіндеген 39 жүргізуші анықталған. Аталмыш жүргізушілердің 38-і әкімшілік қамауға алынып, тиісті жауапкершілігі қаралған.  

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Научный журнал ЕНУ вошел в международную базу данных

Научный журнал Turkic Studies Journal, издаваемый Евразийским национальным университетом...

Қазақстан ЮНЕСКО-ның Гаагадағы жаһандық форумында дінаралық диалог тәжірибесін таныстырды

 Қазақстанның форумға алғашқы қатысуы ЮНЕСКО-мен және еуропалық серіктестермен ынтымақтастық...

В Алматинской области обсудили вопросы профилактики и раннего выявления онкологических заболеваний

По инициативе Управления здравоохранения Алматинской области совместно с Фондом...

Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау мәселелері талқыланды

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы, Түркітілдес журналистер қоры және...

ОНЛАЙН-СЕРВИСТЕР АЗАМАТТАРҒА САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРУГЕ ЖӘРДЕМДЕСЕДІ

Мәслихат депутаттарын сайлау барысында сайлау учаскелерінде азаматтардың дауыс беруіне...