Түркістан облысында ойынхананың кассасынан миллион теңге ақша жымқырған ер адам анықталды

Түлкібас аудандық полиция бөліміне ойынхана қызметкерінен арыз келіп түсті. Оның айтуынша, таңғы уақытта жұмысшы қыздар ұйықтап жатқанда, белгісіз біреу кассадағы 1 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырып кеткен. Аталған жайтты полицейлер бірден ҚР КҚ-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.
Хабарламаны алысымен түлкібастық тәжірибелі полицейлер жедел-іздестіру шараларына кірісіп кетті. Көрген-білгендерден сұрастырып, бейнебақылау камераларын мұқият қарап шықты. Жан-жақты атқарылған іс-шаралар нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол тұрғылықты мекенжайынан санаулы сағаттарда ұсталды. Күдікті ер адам полиция бөліміне жеткізіліп, жауап алынды. Анықталғандай, күдікті осы ойынхананың тұрақты келушісі болған. Ұрлық болған күні ол ойынханада болған. Содан таңғы сағат 06:30 шамасында кассада отыратын қыздардың ұйықтағанын пайдаланып, ірі көлемдегі қаражатты жымқырып кеткен. Оңай жолмен келген ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап үлгерген.
Қазіргі таңда полицейлер ұрлық қылмысы бойынша тергеу амалдарын жүргізуде. Сонымен қатар ойынхана қызметінің заңдылығын тексеру бағытында кешенді іс-шаралар атқаруда.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...