Пробация қызметкерлері күнделікті есепте тұрған тұлғаларды үйлерінен тексереді

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Түпқараған аудандық пробация қызметкерлері күнделікті есепте тұрған тұлғаларды үйлерінен тексереді. Жалпы алғанда, 90-нан астам қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандар пробация есебінде тұрады. Әр тұлғаны қызметкерлер тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Сондай-ақ, аудан тұрғындары демалатын ойын-сауық кешендері бойынша кешкі және түнгі уақыт аралығында рейдтік шаралар да ұйымдастырылады.

Бұл іс-шаралар бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тарапынан болатын құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын-алу, қайталануын уақтылы анықтау, жолдарын кесу мақсатында өткізіліп тұрады. Үйлерінде болмаған жағдайда, ескерту беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі, — дейді Түпқараған аудандық Пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет капитаны Айхайбек Наков.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...