Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті №3 мекемесінің қызметкерлерімен мекемеден тыс аумақта жұмыс атқаратын сотталғандар үнемі тексеріліп тұрады, тексеріс жұмыстары, ҚР ІІМ-нің 2014 жылдың 17 қарашасындағы №819 «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту» туралы бұйрығына сәйкес орындалады.
Аталған бұйрықта мекемеде ұсталатын сотталғандардың тәртіп ержесі жазылған. Осы орайда ағымдағы жылдың 4 қарашасы күні режим бөлімінің жедел уәкілдері, мекемеден тыс аумақтағы жұмыс объектілерінде жұмыс істеп жатқан сотталғандарды тексерді.
«Тәртіпке бағынған, құл болмайды» -деп Бауыржан Момұшұлы атамыз айтып кеткендей, «Тексерудің басты мақсаты сотталғандардың қайталама қылмыс жасалмауы және оның алдын-алу, жолын кесу сынды мақсатта жүргізіліп тұрады», — деді режим бөлімінің бастығы әділет майоры Құдрет Өркенұлы Ералин.
Жалпы, Астана қаласы бойынша сотталғандар бірнеше әртүрлі кәсіпорындарда жұмыспен қамтылған. Олардың жұмыс орнында жалтармауы, тыйым салынған заттарды қолданбауы және пайдаланбауы, олардың жолын кесу, алдын-алу сынды жұмыстар режим бөлімінің басты назарында.


