Прокуратурамен бірлескен іс-шаралар

 «Участок» ЖПШ, сондай-ақ прокурорлық тексеру жүргізу шеңберінде сотталғандар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және қайталама қылмыстардың алдын алу мақсатында СҚО бойынша ҚАЖД Мамлют ауданының пробация қызметінің қызметкерлері Мамлют ауданы прокуратурасының прокуроры, 3-сыныпты заңгер Ж.Б. Сәрсекеевамен бірлесіп тұрғылықты жері бойынша сотталғандарды тексеруді жүзеге асырды. Тексеру барысында есепте тұрған тұлғаларға жазаны өтеу тәртібі, күнделікті өмірдегі мінез-құлық ережелері, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілік, сондай-ақ құқыққа қайшы мінез-құлықтың салдары түсіндірілді. Прокурор сотталғандарға ҚР ҚАК-нің 67 және 68-баптарын (жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілік) қосымша жеткізіп, әрбір сотталғанның қол қойғызып таныстырды.

Өткізілген іс-шаралар барысында прокурор сотталғандардың шағымдарының, сондай-ақ жазасын өтеу жөніндегі мәселелердің бар-жоғын анықтады. Кездесу қорытындысы бойынша прокурор сотталғандардың барлық сұрақтарына толық жауап берді.

Мамлют ауданының

ПҚ бастығы

әділет подполковнигі А.Сеитова

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...