Тиісті пробациялық бақылауды қамтамасыз ету және бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамның, сондай-ақ шартты түрде сотталған адамдардың орналасқан жері туралы ақпарат алу үшін СҚО бойынша ҚАЖД М.Жұмабаев ауданының пробация қызметі бөлімімен электрондық бақылау құралдары қолданылды.
Қоғамнан оқшауламай жазаны өтеу тәртібін бұзуға жол берілген бұзушылықтар ЭБҚ қолдану үшін негіз болып табылады, осыған байланысты білезіктер құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстар жасауға бейім, яғни «тәуекел тобында» тұратын және оларға қатысты тұрмыстағы мінез-құлықты бақылау мен қадағалау күшейтілген сотталғандарға қатысты қолданылады.
Сотталған адамға электрондық бақылау құралдарын қолдану туралы шешім қаулымен ресімделеді, ол сотталған адамға және онымен бірге тұратын адамдарға хабарланады, бұл ретте сотталған адамның жабдықтың бүлінгені үшін жауаптылығы түсіндіріледі. Электрондық бақылау құралдарын пайдалануға жауапты пробация қызметінің қызметкері қаулы шығарылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қажетті жабдықты орнатуды жүзеге асырады, сотталғанға электрондық бақылау құралдарын пайдалану ерекшеліктерін түсіндіріп, оған қол қойғызып жадынама береді.
Электронды білезік су өткізбейтін, гиппоаллергенді, аяққа немесе қолға кигізіледі. ЭБҚ іске қосылған кезде сотталған адамның тұратын жері мен жұмыс орнына сәйкес геоаумақ қойылады. Егер сотталған адам белгіленген шектеулерді бұзса және геоаумақтан кетсе не электрондық бақылау құралдарын бүлдіруге тырысса, бұзушылық туралы сигнал дереу компьютерге және планшетке түседі. Заряд деңгейіне дейінгі барлық қозғалыстар компьютерде көрінеді. Егер сотталған адам өзіне сот жүктеген міндеттерді бірнеше рет бұзуға жол берсе, электрондық қадағалау бас бостандығынан айырумен ауыстырылуы мүмкін.
СҚО бойынша ҚАЖД
М.Жұмабаев ат. аудандық ПҚБ инспекторы
кіші әділет лейтенанты
Абильхасимов А.


