12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тергеу изоляторының бас есепшісі сотталғандармен кездесті

Қылмыстық атқару саласына қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі Сюеубаева Нұржанат Темірбекқызы мекеменің шаруашылық бөлімінде жұмыс жасайтын сотталғандарымен кездесті.

Кездесу жатахана ғимаратындағы арнайы бөлмеде өтті. Бас есепші жазасын өтеуші азаматтарды жеке-жеке қабылдап, сұрақтарына жауап берді. Қойылған сұрақтардың көпшілігі жеке шоттары бұғатталып қалуына байланысты айлық жалақыларын қайда аудару керектігі жайында болды. Бұндай жағдайда айлық жалақыларыңызды тұрғылықты мекен-жайдағы поштаға жібереміз. Ал, оны туыстарының бірі сенімхатпен ала алады – деп, түсіндірді Нұржанат Темірбекқызы. Сондай-ақ, шаруашылық бөліміне жаңадан қабылданған сотталғандарға айлық жалақысының мөлшері және ұсталынатын салықтар мен атқару парағы жөнінде де, мағлұмат берді.

Яғни, алдымен сот үкімімен өндірілуі тиіс соммалары бойынша атқару парақтары сұратылып, мемлекет пайдасына жеке және заңды тұлғалар пайдасына айлық табысынан ай сайын 50 пайызы ұсталынатындығын айтты.

Сонан соң, өздерінің қажеттілігіне қарай дүкеннен алған заттарының төлемдері бойынша да есептелініп келген соммалар алынып барып, қалған қаржы жеке шоттарына аударылатындығын жеткізді.

Кездесу соңында теміртордағылар жұмыспен қамтып отырған мекеме басшылығы мен сұрақтарына толықтай жауап берген бас есепшіге алғыс айтты.

Мен бұл мекеменің шаруашылық бөліміне қалдырылғалы бері,екі жылдан асты. Дәнекерлеуші болып жүмыс жасаймын.Ай сайынғы айлығымның елу пайызы сот үкімімен бекітілген атқару парағына ұсталынады.

Қалған бөлігін ауылдағы отбасыма жіберіп отырамын Бес балам бар.Әйелім солардың керек -жарағына жұмсайды. Жұмыспен қамтамасыз етіп отырған мекеме басшылығына және айлықтарымызды есептеп уақтылы түсіріп отырған есепшілерге ризашылығымды білдіремін- деді, ҚР ҚК- інің 188-бабының 1-бөлігімен сотталған С есімді азамат.

В Алматинской области и области Жетісу 74 осужденным предоставлена отсрочка отбывания наказания

В Департаменте уголовно-исполнительной системы по Алматинской области и области...

У истоков. Колледж, где дают второй шанс

Есть люди, которые не просто работают — они становятся...

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...

Республика күні: №14 мекемесінде гимн шырқалып, спорттық сайыстар өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14...