Петропавл студенттері үшін СҚО бойынша ҚАЖД № 66 мекемесіне экскурсия ұйымдастырылды

Петропавл қаласының оқу орындарының студенттері арасында жүргізіліп жатқан кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында СҚО бойынша ҚАЖД № 66 мекемесінде Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі мен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды.

Мекеме басшылығы СҚО ПД кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторларын тарта отырып, тергеу изоляторының негізгі объектілері бойынша ауқымды таныстыру экскурсиясын өткізді. Экскурсия барысында студенттер арнайы контингентті ұстау шарттарымен, сондай-ақ мекеме қызметкерлерінің қызметтік қызметімен танысты.

Сонымен қатар ҚАЖ органдарына қызметке үміткерлерді тарту бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Студенттер қызметке қызығушылық білдіріп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Барлық қатысушылар үшін үміткерлерге қойылатын талаптар, ҚАЖ қызметіне кіру тәртібі мен артықшылықтары туралы ақпарат жеткізілді.

СҚО бойынша ҚАЖД №66 мекемесінің

КСБ бастығы

әділет капитаны  

Р. Айсенова

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошёл шахматный турнир среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...