30 жыл ішінде Қазақстан КСРО құрамындағы атеистік мемлекеттен демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекетке айналды, оның ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Қазақстан Республикасы 30 жыл бойы тиімді мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету жолымен дін саласындағы салмақты саясатты сенімді түрде іске асырып келеді.
СҚО бойынша ҚАЖД Тайынша ауданының пробация қызметінің есебіне тұрған сотталғандардың жалпы білімін арттыру және құқық бұзушылықтарлы алдын алу мақсатында криминалдық полиция бөлімінің ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі полиция капитаны Д. Ғазизов «Дін саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік» тақырыбында кездесу өткізілді.
Әңгімелесу барысында есепте тұрған тұлғаларды «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-IV Заңымен, сондай-ақ басқа да қажетті нормативтік-құқықтық актілермен таныстырды.
Тайынша ауданының
ПҚБ инспекторы
әділет капитаны
Ахмедьярова А.


