Сотталғандар өтініштерін электронды терминал арқылы жолдауда

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару жүйесі модернизациялаудың маңызды бағыттарының бірі – цифрландыру, яғни электронды жүйені дамыту болып табылады. Қызылорда облысының түзеу мекемелерінде сотталғандардың мемлекеттік органдарға өтініштерін электронды форматта жолдайтын терминалдар жұмыс жасап тұр. Түзеу мекемелерде электронды терминал барлық сотталғандарға қол жетімді жерде орнатылған.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде екі электронды терминал жатақханада орнатылған.Мекеме бастығының кезекші көмекшісі әділет капитаны Нұржан Көшекбаевтың айтуынша алдымен сотталған кезекші бөлімге келіп, өзінің мемлекеттік органға өтініш беретінін білдіреді. Мекеме қызметкері қажет болған жағдайда көмек көрсетеді. Осыған дейін сотталған азаматтарға терминалды пайдалану бойынша оқыту жұмысы жүргізілген. Жыл басынан №37 мекемедегі сотталғандар тарапынан электронды терминал арқылы төрт өтініш жолданған. Электронды терминал арқылы жолдау жазасын өтеушілердің заңды құқықтарының сақталуын жақсартуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, мекеме ішіндегі әр-түрлі фактілер мен оқиғаларды жасыру деректерін болдырмауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге барлық сотталғандармен шағымдарды электронды түрде жіберген кезде жалған ақпарат бергені үшін жазалау туралы түсіндіру жұмыстарын да жүргіземіз,- деді әділет капитаны Нұржан Көшекбаев.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...

Абай облысында әйелдер колониясында үстел теннисінен турнир өтті

Абай облысы бойынша әйелдер колониясында Спорт күніне орай үстел...