«QAZAQSTAN JASTARY»
ЖАЗАЛЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Алматы қаласының ҚАЖ департаментіне қарасты №11 мекемеде тәрбие жұмыстары үздіксіз жүргізіледі. Мәселен, жақында Алматы қаласы «Qazaqstan jastary» қоғамдық қорының жоба ұйымдастырушысы Нұржау Мадимен «Бас бостандығынан айыру орнынан шыққан адамдарды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған жоба» негізінде кездесу өтті.

Кездесу барысында кәмелеттік жасқа толмаған жазалы жасөспірімдерге заңгерлік кеңес және психологиялық көмек көрсетілді. Психолог Жанна Ғайни және Гүлнар Нургалиева, Назира Байбатырова секілді адвокат мамандар жазалы жасөспірімдерді жеке қабылдап, заңгерлік кеңес, психологиялық көмектерін, болашаққа деген бағыт бағдарын нұсқады. «Qazaqstan jastary» қоғамдық қорының жоба жетекшісі Нұржау Мади осындай жобалар алдағы уақытта да жалғасатынын, бас бостандығынан
айырылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу мақсатында басқа да игі шаралар атқарылатынын айтты. Заңгерлік кеңес пен психологиялық көмек балалардың
көңілінен шықты.
Кездесу соңында келген қонақтарға мекеменің САӘПТЖБ бөлімінің бастығы, әділет подполковник А.Бәзілбаева шексіз алғысын білдіріп, болашақта да осындай кездесулер жиі болатынын айтты. Жастарды, әсіресе, жасөспірімдерді жаман әдеттерден жирендіру арқылы қоғамға пайдалы адам ретінде дұрыс тәрбие беру, оларға түзу жол көрсету басты мақсат.
Еркегүл ЖЕҢІСХАН

Борьба с киберпреступностью

СИСТЕМНАЯ ПРОФИЛАКТИКА ИНТЕРНЕТ-ОБМАНА В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ НАБИРАЕТ ОБОРОТЫ. МЕСТНАЯ...

Реализация проектов в действии

В ХОДЕ РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКИ АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ БЕРИК УАЛИ...

К 100-летию выдающегося режиссера

ТОРЖЕСТВЕННОЕ ОТКРЫТИЕ МЕРОПРИЯТИЙ, ПОСВЯЩЕННЫХ 100-ЛЕТИЮ ВЫДАЮЩЕГОСЯ КАЗАХСКОГО РЕЖИССЕРА, ЗАСЛУЖЕННОГО...

Иллюзия близости: почему чат-боты заменяют нам друзей?

ПОЗДНИЙ ВЕЧЕР, В КВАРТИРЕ ТИХО, ГОРОД ЗА ОКНОМ ДАВНО...

Водоснабжение населения: итоги и планы

В Казахстане продолжается системная работа по обеспечению населения качественными...