Түркістан облысының полицейлері өзеннен табылған әйелдің өлімін ашты

Естеріңізге сала кетейік, 10.10.2022 жылы Төлеби ауданының полиция бөліміне Ақсу өзенінде мәйіттің табылғаны туралы хабарлама келіп түскен болатын. Оқиға орнына бірден полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шықты.
Полицейлер қаза тапқан адамның жеке басын анықтады, ол Төлеби ауданының тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ Шымкент қаласы ПД Еңбекші АПБ-на әпкесінің хабар-ошарсыз кету дерегі бойынша туыстары арызданғаны белгілі болды.

Аталған жайт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен (кісі өлтіру) қылмыстық іс тіркелді және сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер, осы қылмысты жасады деген күдікпен жәбірленушінің көршісі болған Төлеби ауданының тұрғынын ұстады.

Белгілі болғандай, ақшалай қарыз қылмысқа себеп болған. Қарызды қайтармау үшін күдікті көршісінен құтылуға шешім қабылдап, алдау арқылы жәбірленушіні Ақсу өзеніне апарып, жартастан итеріп жіберген. Алған жарақаттарынан әйел қылмыс орнында қайтыс болған.
Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін толық мойындап, бұл әрекетіне өкінетінін жеткізді.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»

Қазақстан Жазушылар одағында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті...

Президент Құрылтайдың төрағасы лауазымына кандидатты ұсынды 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясында...

Халықаралық шарттар және олардың талаптарын сақтау – әділ сот төрелігінің кепілі

Құқықтық мемлекет құрудың негізгі шарттарының бірі – азаматтардың құқықтары...

Қазақстан Республикасында нотариус болу жолы

Нотариаттық қызмет – бұл заңгерлер арасында ең танымалы қызмет...