12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тіл — ұлт болашағы

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 14-бабына сәйкес азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал заңда белгіленген жағдайларда басқа тілдер де қолданылады.

Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою берілген тілге байланысты белгіленеді, яғни сотқа арыз қай тілде берілді, әрі қарай іс сол тілде жүгізіледі.  

Дегенмен, істі сот талқылауына дайындау кезінде екі тараптың да жазбаша өтінішхаты бойынша сот ұйғарыммен сот ісін жүргізу тілін өзгертуге құқылы.  Егер істі бірінші сатыдағы сотта қарауға дайындау барысында талап қоюшының өз өкілі талап қою берген тілді білмейтіні анықталса, онда сот талап қоюшының жазбаша өтінішхаты бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады.

Сот практикасынан әкімшілік іс бойынша құқықтық көмек беретін адвокаттар мен  заңгерлер талап арыздарды көбіне орыс тілінде әзірлейтіні байқалады. Содан кейін сотқа келген арыз беруші сот процесі кезінде орыс тілінде ойын еркін жеткізе алмай жататын кездері болады. Сот талап қоюшының жазбаша өтінішхаты бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту құқығы бар екенін түсіндірсе де, көп жағдайда азаматтар өздерінің бұл құқықтарын қолдана бермейді. 

Сондықтан, кәсіби құқықтық көмек көрсетуші заңгерлер сотқа берілетін арызды талап қоюшының өзі жетік меңгерген тілде әзірлесе деген тілек бар, егер сотқа арызданушы азамат қазақ тілін жетік меңгерген болса, талап қоюды неге қазақ тілінде бермеске. Жоғарыда атап өткендей, істі арыз берілген тілде қарау соттың міндеті болып табылады.

Әкімшілік соты өз тарапынан мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге арналған шараларды жүйелі түрде іске асыруда: осы жылдың ақпан айында сотқа талап түсіретін заңгерлер мен адвокаттар, әділет органдарымен бірлесе отырып шаралар ұйымдастырылып, сотқа талаптың мемлекеттік тілде әзірленуіне аса мән беру қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, кәсіпорындарда, орта және жоғары оқу орындарда дәрістер оқылып, мемлекеттік тіл туралы заңнама талаптары түсіндіріледі. Бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту жөнінде насихат жұмыстарын жүргізіледі.

Тіл – ұлтың жан дүниесі, рухани негізі, ұлтты танытатын басты белгі болып табылады. Қазақ тілін білу – әр қазақстандықтың парызы, өйткені тілге деген құрмет – сол елдің халқына көрсетілген құрмет. Сондықтан қазақ тілін қоғамның бар саласында мейілінше кең қолдануға тырысу қажет.

Ол үшін алдымен өзіміздің ана тілімізге деген құрметіміз әрашан жоғары болуы тиіс.

 
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Абилгазина

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...

Сыбайлас жемқорлықтан ешбір ел сақтандырылмаған

Сыбайлас жемқорлық – әлем халықтарына ортақ кесел. Бұл індет...

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет»...

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...