12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Еңбектен алыстау масылдықты арттырады

Патерналистік (масылдық) көңіл күйді әркім әртүрлі түсінеді. Қазақстан

жағдайында бүгінгі таңда бұл түсінікке мысал көп. Өйткені кейінгі

кездері елде біреудің есебінен күн көру, біреудің көмегіне немесе берген

тиын-тебеніне иек арту, біреудің есебінен ішіп жеп, қыдыру, біреуден

қарыз алып қайтармай кету   сияқты әрекеттер көбейген. Қоғам және

оны айыптаудан, ар санаудан қалған. Капитализмге бет бұрған кезеңде

рас, нәпақа табу қиындаған шығар, нарыққа халық тұрмысы сәйкес

келмейтін де болар. Бірақ бұның бәрі біреуге масыл бол деген сөз емес. 

Тұтастай бір ұлттың мінезіндегі бұндай көңіл күймен күресудің жолы

қайсы, масылдықтан құтылатын әрекет бар ма?

      «Адамды адам еткен еңбек», «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның

тіленбей», «еңбегімен ер сыйлы». Бұл қағидалардың бәрі ертеден ел

санасына сіңісті болған тәлім еді. Қазақ ұл-қызын еңбекке осылай баулыды.

Балабақша, мектеп, университет те жасөспірімнің, жастардың айналасына

осындай атмосфера қалыптастырды. «Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің наны

тәтті», «жатқанға жан жуымас, жалқауға мал құралмас», «Жалқаудың

жауы–жұмыс» деп еріншек, керітартпа, жатыпішерлерді айыптады, қоғам

болып мұндай көңіл күйдегі адамнан жиренді. Мұның бәрі қарапайым

адамды еңбекті сүюге үйретті. Шын мәнінде, осындай мақал мәтелдер өсіп

өнуді, өркендеп, баюды мақсат еткен кез келген адамның өмірлік бағыты,

ұстанатын бағдары болды. Өкінішке қарай, соңғы жылдары қазақ халқы осы

тәрбие мен тәлімнен ажырап қалды. Қоғамды масылдық көңіл күй мен

жатыпішерлік, тоғышарлық жайлады. Оңай табыс, арзан күлкі, арсыз ұйқыға

үйір буын пайда болды. Жастардың арасында бір бірін алдап кету, біреудің

ақшасын малдану, кісі ақысын жеу, еңбексіз баюға ұмтылу секілді

алаяқтыққа алып баратын әрекеттер көбейді.   Психологтар бұндай

тенденцияны қарапайым еңбек адамының насихатының азаюы мен

қарапайым еңбек адамның еңбегінің өз дәрежесінде бағаланбауынан десе, 

тағы бірі отбасындағы тәрбиенің нашарлауы мен қоғамдағы белең алған

жемқорлықтан дейді.

     Мемлекеттік ұстаным мен ұлттық идеологияның тәуелсіздік жылдары

әлсіреп кеткенін, оның бәрі тұтастай бір қоғамның сенетін, сүйенетін

құндылықтарын жоғалтып, орнына жеңіл олжа, тез баю идеясын алға

шығарғанын айтушылар да бар. Қалай десек те, қазақстандықтар алдында

қарапайым азаматын масылдық көңіл күйден шығарып, жемқорлыққа

төзбейтін, адал еңбекке сүйенетін азаматтық қоғамға айналдыру міндеті тұр.

Маман пікірі:

 Айсұлу Молдабекова, әлеуметтанушы:

«Адамның пассивті қалауларын қоғам құптайтын болса масылдық

Менің ойымша, масылдықтың екі жағы бар. Бірі жеке адамдардың, жеке

индивидтің өзіне қатысты, екіншісі масылдықты туындататын жүйеге

қатысты. Жеке адамдарға қатысты болатын себебі, адамдардың өзінің ішкі

мотивациясы, өсуге деген, еңбек етуге, табыс көздерін табуға деген ішкі

ұмтылысының  төмен болған жағдайында  масылдық туындайды.

       Екіншіден, адамның пассивті қалауларын сол өмір сүріп отырған қоғам,

мемлекет, жүйе, әлеуметтік , экономикалық жүйе және оның ортасы, қоғам 

құптайтын болса, сондай ортада да оған қалаулыы жағдай жасалатын болса

онда масылдық дами береді.  «Осындай масылдыққа қоғамдық институттар

қалай жол береді?-деген сауалға келейік.  Мәселен, адамдардың сапалы білім

алып, кәсіби маман болып, одан кейін сол саласы бойынша жұмыс тауып,

жұмыс істеп ары қарай өзінің кәсібін дөңгелетуіне қоғамда жағдай болмаса

және соның әсерінен қоғамдағы жұмыссыздармен түрлі әлеуметтік топтарға

төленетін төлемдер бізде көбейсе онда біз масылдылықты қолдан жасап

отырған боламыз. Себебі, біз халықты әлеуметтік қорғау арқылы

масылдықтың себебімен емес, салдарымен күресеміз. Біз осыған жол

бермейтін жағдайды алдын ала орнатсақ әлеуметте мұндай көңіл күйде аз

болар еді. Ал бізде бұл өкінішке орай қоғам тарапынан да құптарлық дүниеге

айналып кетті. Мысалы, жаңағы мемлекеттің әлеуметтік төлемдер, субсидия

берілетін болса адамдар тек соны жапатармағай алуға ұмтылады. Бұл қазір

өкінішке орай ешқандай ұят емес болып қалды. Себебі жүйенің өзінің беріп

отырғаны сол. Біз тек сонымен күресуге ғана күш салып отырмыз.

      Бұдан бөлек, кедейлік қақпаны деген ұғым бар.  Яғни адамдарға

әлеуметтік төлемдер төлеген сайын адамдар ары қарай ұмтылмайды. Демек

сол мемлекеттен алатын көмектер оның белгілі бір деңгейде күнкөріс

деңгейін қамтамасыз етеді, ол соған қанағат қылады. Тағы бір мәселе, 

кейінгі туған балалардың бойындағы масылдық, енжарлық, жұмысқа

қызығушылықтың болмауы немесе төмен болуы бұл бір жағы әке шешесінің

шектен тыс өбектеуінен болған қателіктен деп ойлаймын.

Ж.Құрманбай

Мемлекеттік тіл мерейім!

Мемлекеттік тілге деген құрмет ауыз екі тілде қазақша таза...

Қызылорда да сотталғандар ұлттық ойыннан сынға түсті

Қылмыстық-атқару саласына қарасты №68 мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар...

СИЛА ЖЕНЩИНЫ: ПОБЕЖДАТЬ, ВДОХНОВЛЯТЬ, ЖИТЬ

19 ноября в Алматы в рамках проекта «Розовый октябрь»...

«Заманға сай жасstar!»

Жазалы жасөспірмдер арасында «Заманға сай жасstar!»  атты көңілді  тапқырлар...

СОТТАЛҒАН БАЛАЛАР ДӘРІГЕРЛІК ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №11 мекемесінде аса ауыр...