Қайта қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу

Ағымдағы жылдың 1 қазанынан 1 қарашасына дейін СҚО бойынша ҚАЖД Тайынша  аудандық пробация қызметкерлері есепте тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтар мен қайта қылмыстардың алдын алуға бағытталған «Участок» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Пробация қызметі бөлімінің инспекторлары Тайынша ауданы прокуратурасының прокуроры 3-сыныпты заңгер Ж.С. Байтасовпен бірлесіп рейдтер жүргізуде. Тұрғылықты жері бойынша бас бостандығынан айырусыз барлық сотталғандарды тексеріліп, сотталғандардың көршілері мен туыстары сұрастырылды. Қоғамнан оқшауламай жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзған адамдарға заңнамалық тәртіппен ықпал ету шаралары уақтылы қолданылатын болады, ал сотталғандар тарапынан жазаны өтеу тәртібі мен шарттары қасақана бұзылған жағдайда бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны ауыстыру үшін сотқа материалдар жіберілетін болады. Бүгінгі таңда Тайынша ауданының пробация қызметімен жазаны ауыстыруға 1 материал жіберілді.

 Қазіргі уақытта СҚО бойынша ҚАЖД Тайынша ауданының ПҚБ есебінде бас бостандығынан айырусыз жазаға сотталған 58 адам тұр. Есепте тұрған сотталғандармен құқық бұзушылықтар мен қайта  қылмыстардың алдын алу бойынша профилактикалық әңгімелер жүргізілуде.

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошёл шахматный турнир среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...