15.02.2022 ж. ҚАЖ Комитеті «КаР-Тел» ЖШС-мен шарт жасасу нәтижесінде облыстың барлық аумақтық пробация қызметтері электронды бақылау құралдарымен (ЭБҚ) жарақтандырылды.
Қазіргі уақытта Бас прокуратура ҚР ІІМ ҚАЖК-нің электрондық бақылау құралдарын сатып алу мен пайдаланудың заңдылығы мәселесі бойынша талдау жүргізуіне байланысты, Мамлют ауданының прокуратурасы бастамасымен білезіктерді пайдалану тиімділігін тексеру мақсатында, техник-бағдарламашылар А.В.Мигулко мен Ю.А.Гущинаның шақыруымен кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу барысында сотталғандар аяқтары мен қолдарына бекітілген электронды бақылау құралдарын көрсетті. Кездесуге қатысушылар олардың бар екеніне, жұмыс жағдайына, әрекет ету радиусына жеке көз жеткізе алды. Сондай-ақ оларды қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауаптар алды.
ЭБҚ мониторингін ПҚ қызметкерлері тұрақты негізде сотталғанның орналасқан жері, құрылғының заряд деңгейі, сондай-ақ оның онлайн режимдегі барлық қозғалысы бақыланатын мобильді құрылғыдағы сайт арқылы жүргізеді.
Айта кету керек, ЭБҚ қолдану үшін қоғамнан оқшауланбай жазаны өтеу тәртібін бұзуға жол берілген бұзушылықтар негіз болып табылады, осыған байланысты білезіктер құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстар жасауға бейім, яғни «тәуекел тобында» тұратын сотталғандарға қатысты қолданылады және оларға қатысты күнделікті өмірдегі мінез-құлықты бақылау мен қадағалау күшейтілген.
Электрондық білезіктер белгілі бір сотталған адамға қатысты қолдану туралы шығарылған қаулы негізінде қолданылады. Сондай-ақ, әрбір сотталғанмен жеке профилактикалық әңгімелер өткізіледі, онда пайдалану қағидалары түсіндіріліп, материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасалады, қауіпсіздік техникасы бойынша жадынамалар беріледі.
Жалпы, Мамлют ауданының пробация қызметінің электрондық бақылау құралдарын қолдану бойынша жұмысы қанағаттанарлық деп танылды.
СҚО бойынша ҚАЖД
Мамлют ауданының ПҚБ бастығы
әділет подполковнигі
А.Сейітова


