12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қаңтар оқиғасы: Сенат рақымшылық жасау туралы заң қабылдады

Сенат депутаттары қаңтар оқиғасына қатысқандарға қатысты «Рақымшылық жасау туралы» заңды қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатор Ләззат Жаңалықызының айтуынша, «Рақымшылық жасау туралы» заң жобасы нормаларында қазақстандықтарды қылмыстық және ауырлығы аз және орташа қылмыстар үшін жазадан босату көзделген. Жазасын өтегендерден соттылығы алынады. Ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға: ауыр қылмыстар үшін — сот тағайындаған мерзімнің төрттен үшіне, ал аса ауыр қылмыстар үшін — жартысына қысқарту көзделген.

Сонымен қатар, Заң жобасында босатылған адамдарды әлеуметтендіру – жұмысқа орналастыру, медициналық көмек көрсету және іс қағаздарын жүргізу мәселелері қарастырылған. Бұл ретте террористік, экстремистік, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған, мемлекетке опасыздық жасаған, азаптау, қылмысты қайталанған немесе жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасалмайды.

«Қабылданған заң Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында берген тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді. Заңда рақымшылықты қолдану шарттары мен заң қарастырмайтын адамдарға қатысты нормалар нақты жазылған», — деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Рақымшылыққа тек 4-7 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздікке байланысты немесе олардың жолын кесу кезінде қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарға ғана қолданылады.

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Астанада оқушылар түстен кейін онлайн оқитын болды

Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,