Қазақстан Республикасы күніне орай Ақтөбеде тергеу изоляторындағы жазасын өтеушілер спорттық сайысқа түсті

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №70 мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандар арасында «Қазақстан Республикасы күнін» мерекелеуге орай ауқымды мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

Үш күнге созылған іс- шарада мекемедегі жазасын өтеушілер шахмат, тоғыз құмалақ, теннис, футбол секілді спорттық іс- шараларға белсенді түрде қатыстырылып, патриоттық фильмдер тамашалады. Сондай-ақ, сотталғандардың көркемөнерпаздар ұжымымен дайындалған «Менің туған жерім» тақырыбындағы мерекелік концерттік бағдарламасы барысында жазасын өтеушілер патриоттық әндер шырқап, өлеңдер оқыды және қойылымдар қойды.

Іс- шаралар нәтижесінде, белсенді қатысқан жазасын өтеуші сотталғандар мекеме бастығының алғыс хатымен марапатталды.

№70 мекемесінің арнайы контингент арасындағы әлеуметтік- психологиялық және тәрбиелік жұмыстары бөлімінің бастығы әділет капитаны Арман Панабектің айтуынша, жазасын өтеушілер арасында Қазақстан Республикасы күні мерекесін тойлау — сотталғандардың рухани дамуы және психологиялық ахуалына оң әсер етіп, еліне, туған жерлеріне деген сүйіспеншіліктерін оятады.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошёл шахматный турнир среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...