Шекарадан гашиш өткізген шетелдік ер адам 7 жылға сотты болды

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Жібек жолы» шекарасының бақылап-өткізу бекетінен есірткі өткізген Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады.         
Нақтырақ айтсақ, өзбекстандық ер адам Қазақстаннан Өзбекстанға өтер кезде өзімен ірі мөлшерде салмағы 27 грамм болатын «гашиш» пен 5 грамм «марихуана» есірткісін заңсыз сақтап, тасымалдап алып өтпек  болған. Десекте құзырлы органның тексеруі оның арам ойын іске асыруға тосқауыл болды. Анықталғандай, күдікті есірткілерді қағаздарға орап, шалбары мен оның киімінің ішіне жасырған. Мұны шекара қызметкерлері тексеру кезінде байқап, бірден оқиғаның мән-жайын анықтауға полицейлерді шақырған.       
Тәртіп сақшылары табылған айғақты затты тәркілеп алып, аталған жайтты ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» мен ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды. Іс құжаттарын жинақтады, сараптамалар тағайындады. Қылмыстық іске соңғы нүкте қою үшін құжаттар сотқа жолданды.        Сарыағаш аудандық соты 50 жастағы өзбекстандықты екі бірдей бап бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Точка юридической истины 

В НАЧАЛЕ 2026 ГОДА В НОТАРИАЛЬНОМ СООБЩЕСТВЕ КАЗАХСТАНА ПРОИЗОШЛО...

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...