Абай облысының қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері Республика күнін ардагерлер кездесуімен атап өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі √21 мекемесі кадр саясаты қызметкерлері Республика күніне құттықтаулар ұйымдастырып, ҚАЖ ардагерлерінің үйлерінде құттықтау миссиясын жүзеге асырды. Мекеме қызметкерлері мен басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Биғазиев мекеме басшылығы атынан сыйлықтар табыстап, игі тілектерін білдірді.

Ардагер Кутко Владимир Макаровичке барғанымызда қонақжай қожайын қонақтарды жылы лебізбен қарсы алды. Шынайы әңгіме барысында ол еліміздің сонау жылдарын еске алып, жеке мұрағатындағы сарғайған фотосуреттерді көрсетті.

Ол 25 қазанның шын мәнінде еліміз үшін тарихи маңызы бар екенін атап өтті. Мемлекеттің даму тарихын жас ұрпаққа жеткізу керек. Ал олардың міндеті – оны құрметтеу, деп санайды ардагер.

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошёл шахматный турнир среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...