Талдықорғанда мәжбүрлі еңбекке тартылған сотталғандардың жұмысы тексерілуде

Ағымдағы жылдың қазан айында Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты Талдықорған қалалық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері Талдықорған
қаласында орналасқан ЖШС «Талдықорған-Көркейтуге» барып, пробация қызметі
бөлімінің тіркеуінде есепте тұрған жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл
сайын 100 (бір жүз) сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылған сотталғандарды
жазасын өтеп жатқан жайларын тексеру жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, сотталған Б. 19.10.2021 жылы Талдықорған қаласының сотымен ҚР ҚК-нің 190 бабы 2 бөлігі 1 тармағымен сотталып, жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл
сайын 100 (бір жүз) сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылған, ол қазіргі уақытта Талдықорған қалалық Ардагерлер саябағында тазалық жұмыстарын атқарумен бірге, қыс мезгіліне даярлық жұмыстарымен айналысуда.

Бүгінгі күнге, Талдықорған қалалық пробация бөлімінен 11 сотталған Ардагерлер саябағында тазалық жұмыстарын, жерді қазу сияқты жұмыстарымен айналысуда.

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында жаз мезгілінің көтеріңкі...

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...