Пробация қызметінің есебінде тұрғандар арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды

⚜️25 қазан Қазақстан Республикасы күніне орай Қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Шынықсаң шымыр боларсың» атты пробация қызметінің есебінде тұлғалар арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды.
Жарысқа қатысушылар белсене қатысып, өзара бақтарын сынады.
🏆Нәтижесінде
⚾Волейбол ойыны бойынша жеңімпаздар:
🥇»Арман» командасы
🥈»Шаңырақ» командасы
🥉»Бавария» командасы
🏅»Пробация сила» командасы белсенді ойын көрсетті. Сондай-ақ ойын барысында үздік ойын өрнегін көрсеткен спорт сүйер жандардың аты аталып, марапатталды.
🎁Барша қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.

БҚО бойынша «ҚАЖД Орал қалалық Пробация қызметінің бастығы адiлет майоры Курманалиев Т.С.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...