12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Төлеби ауданында 4 сотталғанға ескерту берілді

Төлеби аудандық пробация қызметінің қызметкерлері «Пробациялық бақылау» шарасында төрт сотталған тарапынан құқық бұзушылық анықталды.

Тексеру іс-шарасы барысында Төлеби аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 4 сотталған тарапына құқық бұзушылық анықталды. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Төлеби аудандық пробация қызметі көлемінде «Пробациялық бақылау» атты жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Шара барысында пробация қызметкерлерімен 25 сотталғаның тұрғылықты мекен-жайы және жұмыс орны бойынша тесксерілді.

Аталған шараның басты мақсаты — пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнаноқшаулауға байланысты емес жаза түріне сотталғандар тарапынан жасалатын қайталама қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандарды тұрғылықты мекен-жайлары бойынша түнгі уақыттарда тексеріп, профилактикалық сұхбаттар жүргізілді. Аталған іс-шара барысында 3 сотталғанға жаза өтеу талаптарын бұзғаны анықталып, ескерту берілді, ал 1 сотталған спирттік ішімдік ішкені үшін, ЖПҚ-нің УПИ-мен ҚРӘҚбТК-нің 440 бабы 3 бөлігімен айппұл салынып, тиісті жазбаша ескертуі берілді.

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Түркістан қалалық пробация қызметінің қызметкерлері жиі жасап тұрады. Есепте тұратын сотталғандардың құқық бұзушылыққа жасауының алдын алатын шараның бірі. Осындай шараның күнделікті өткізілетінін білсе де, білмеген кейіп танытып, кешкі уақытта белгіленген уақытта үйінде болмай, ауылдан шығып кететіндер де кездеседі.
Пробация қызметі есебіндегі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталғандар тарапынан жасалынатын қайталама қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша түнгі уақыттарда тексеріп, профилактикалық әңгімелер жүргізді.

Жұмыс уақтысынан кейін тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеріп, отбасындағы туыстарымен сөйлесіп, түсіндірме жұмыс жүргіземіз. Біз полицияның учаскелік инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды тексеруге жиі шығамыз. Сонымен қатар, бас бостандығынан оқшалаусыз жазаға тартылған сотталған адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтарды немесе қайта қылмыстық құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтау мақсатында, ҚР ІІМ іздеу жүйелері және басқа мемлекеттік органдардың базалары бойынша тексеру жүргізіп отырамыз. Егер сотты болған азамат тұрғылықты мекен-жайында болмаса онда ол адамға акты толтырылып ескерту беріледі.

Екі рет ескерту алған адамға, үшіншіде ескерту қарастырылмайды. Сөйтіп, аудандық пробация қызметі бөліміне шақыртылады. Сотталушы азаматтан үйінде болмауының себебін анықтап, жазбаша түрде түсініктеме алынады. Егер оның берген жауабы өзінің әрекетіне сәйкес келмесе, я болмаса пробациялық бақылаудан жалтарып, сот жүктеген міндеттерді орындамағаны анықталса жазбаша түрде «Ескерту» жарияланады. Ал, ескерту бар болса онда ҚР ҚК-нің 44-бабы 3 бөлімі негізінде бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жасасына ауыстыруға сотқа жолданады.

Ал, жазаны сот тағайындайды. Осындай профилактикалық шара барысында сот жүктеген міндетті орындамаған 5 азамат анықталды. Оған қатаң ескерту жасалды. Енді оның тарапынан осындай қателік орын алатын болса, онда іс сотқа жолданатын болады, — деді Төлеби аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Бауыржан Сарыпбеков.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

«Заңды бұзудың түбі – темір тор»: сотталғанның ащы өкініші

Қызылорда облысында сотталған азамат ащы өкінішін айтты, – деп...

Сотталғандармен психологиялық жұмыс: қорқыныштың алдын алу сессиясы

Абай облысындағы №21 мекемеде сотталған азаматтармен психологиялық қолдау жұмыстары...

Облыс прокуратурасының қызметкерлері жаза өтеудегі тұлғалармен кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп» қағидаты және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдық...

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...