Қазақстан Республикасының «Республика күні» мемелекеттік мерекесі қарсаңында ШҚО бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №16 мекемесінде сотталғандар арасында көркем шығармашылыққа, отан сүйгіштікке баулу мақсатында патриоттық өлеңдерді оқудан шығармашылық кеш және мәдени-спорттық іс шаралар өткізілді. Мерекелік іс-шараның ашылуында сотталғандарды салтанатты түрде мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Б.Ниязбеков құттықтап, арты спорттық ойындар жарысына ұласты.
Жеке дара біріншілік жарыстары бойынша шахмат, дойбы, армрестлинг, кір тасын көтеру, командалық жарыстан арқан тарту ойындары өткізілді. Әр жасақтан іріктеліп алынған сотталғандар өз өнерлерін көрсетті.
№16 мекемесінің басты міндеттерінің бірі бас бостандығынан айыруға сотталған азаматтарды түзелу жолына түсіру, қайта тәрбиелеу, ол дегеніміз бас бостандығынан айыруға сотталған азаматтарды жазаның ықпалымен іс-әрекеттері және мінез құлықтарын жақсы жағына өзгерту.
«Қазіргі таңда түзеу мекемелерінде бас бостандығынан айыруға сотталған азаматтарды қайта тәрбиелеу жұмыстары басты рөлде тұр. Бұл сотталғандардың қоғамға, мемлекетке, заңға, ережелерге және қоғам өміріне түсінікпен қарауына, сол сияқты қайта қылмыс жасамауға тәрбиелейді» дейді мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Б.Ниязбеков.
Спорттық ойындарға мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары әділет майоры Б.К.Ниязбеков және мекеменің бөлім бастықтары төрелік етіп жүлделі орындарға ие болған сотталғандарға көтермелеу шаралары қолданылды.