Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің №3 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде психологиялық жұмысты жақсарту және сотталғандарға психологиялық көмек көрсетуді күшейту мақсатында би-қимыл терапиясы жүргізілді. Бұл сабақтын мақсаты- өзіне және топқа деген сенімділікті дамыту, ішкі процестерді бейнелеу, топ бірлігін арттыру.
“ Сотталғандарды бостандыққа дайындау мақсатында біздің мекеменің психологтары тұрақты негізінде психопрофилактикалық және психокоррекциялық шараларды жүргізеді. Бүгінде олар өз жұмыстарында би терапиясын қолданды. Мұндай сабақтар сотталғандардың физиқалық және эмоционалдық жағдайын жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар қугын-сүргін ұшыраған сезімдерін босатуға, оқшауланған жағдайда психосоматикалық денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік береді”- дейді, №3 мекемесі бастығының орынбасары әділет майоры М.Жакишев.