12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Түркістан рухани, қауіпсіз қала форумы өтті

Алғаш рет Түркістан қалалық полицейлердің ұйымдастырумен «Түркістан рухани, қауіпсіз қала» форумы өтті. Түркістан төрінде бұрын-соңды мұндай форум болмаған.
Нақтырақ айтсақ, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің нұсқауымен, Түркістан қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Бауыржан Жанаевтың ұйымдастыруымен, «Түркістан рухани, қауіпсіз қала» тақырыбында ауқымды форум өтті.

Аталған жиынға ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, танымал спортшы Ардақ Назаров, медиаэксперт, саяхатшы, журналист Өркен Кенжебек, заңгер, сарапшы, журналист Нұрділда Ораз, кәсіпкер, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Олжас Сүлейменов, әнші, спортшы Ескендір Ибрагим арнайы спикер ретінде шақыртылды. Олар сахна төріне шығып, рухани астана атанып келе жатқан облыс орталығын қауіпсіз қала ету туралы мән-мағыналы пікірлерін жеткізіп, жұртшылықтың жүрегіне жетер ойларын ортаға салды.

Форумға полицейлермен бірге әкімдік қызметкерлері, прокуратура өкілдері, Түркістан қаласының зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар мен депутаттар, жергілікті тұрғындар, оның ішінде мұғалімдер мен оқушылар, студенттер, БАҚ пен әлеуметтік желі белсенділері және Түркістан қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Ақмарал Торланова, пробация қызметкерлері және 60-қа жуық бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған сотталғандар форумды тамашалады.

Форумның шымылдығын көрермендерге ой саларлық театрландырылған көрініс ашты. Сахнада әйелін ұрып жатқан күйеу, баласын тастап кеткен көкек ана, өрімдей қазақ қыздарының жеңіл жүрісі, жастардың есірткіге елітіп, құмар ойынға құмартып, өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізуі сынды оқиғалар көрсетіліп, соңында заң бұзушылық жасамау қажеттілігі ұғындырылды.

Одан әрі рухани астана — Түркістан қаласының бас полицейі Бауыржан Жанаев баяндама жасап, форумның мақсаты мен полицейлердің жыл басынан бері атқарған жұмыстарын тілге тиек етті: «Жыл басынан бері жанұядағы жанжал бойынша 580 шақырту түссе, оның 360-ы ішімдік ішкендермен болған. Мас халдегілермен 11 қылмыстық іс тіркелсе, 153 дерек көлік тізгіндеумен байланысты. Демек қылмыстардың орын алуына ішімдіктің едәуір әсер ететінін ескеріп, Түркістанды қауіпсіз әрі ішімдіксіз, рухани қала етуге жұмыла ат салысуымыз», — деп атап өтті.

Бүгін біз пробация қызметінде тіркеуде тұрған азаматтарды осы форумға қатысуға арнайы ертіп келдік. Сотталғандарды мұндай форумға қатыстырудағы мақсатымыз – қылмыс жасап, қоғамнан шететілген адамдарды, қоғамға бейімдеу. Олар өмірде өз орнын тез тауып, өздерінің қоғамға керек екенін сезіндіру. Сонымен қатар, қайта қалмыс жасаудың алдын алуға мүмкіндік береді, — деді Түркістан қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Ақмарал Торланова.

Сотталғандарды осындай шараға қатыстырудағы басты мақсаттың бірі, қоғамдық оқшалау орталығынан шыққан соттталғандардың қоғамға бейімделуін және өмірге деген көзқарасын өзгерту болып табылады. Мен бүгінгі форумға қатысқаныма қуанамын. Бұл шарада адамға ой салаларлық көріністі тамашаладым. Әрине, өзімнің жасаған қателіге қатты өкінемін. Алдағы уақытта мұндай қателікке жол бермейге тырысамын. Менің түзелу жолына түсуіме үлкен мүмкіндік берген Түркістан қалалық пробация қызметінің қызметкерлеріне алғысым шексіз, — деді сотталған Айсана.
Түркістан облысында дүбірлетіп өткен форум көнцерттік бағдарламаға ұласты.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

«Заңды бұзудың түбі – темір тор»: сотталғанның ащы өкініші

Қызылорда облысында сотталған азамат ащы өкінішін айтты, – деп...

Сотталғандармен психологиялық жұмыс: қорқыныштың алдын алу сессиясы

Абай облысындағы №21 мекемеде сотталған азаматтармен психологиялық қолдау жұмыстары...

Облыс прокуратурасының қызметкерлері жаза өтеудегі тұлғалармен кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп» қағидаты және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдық...

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...