Ақтөбеде түзеу мекемесінің қызметкерлері ерекше балаларды мерекемен құттықтап, қуантты

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №8 түзеу мекемесінің тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлері С. Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесіп, «Ғажап» мүгедек балалар қоғамдық бірлестігіндегі балаларды тәттілер мен жеміс- жидектер және сыйлықтармен қуантты.

Іс- шараны ашқан «Ғажап» мүгедек балалар қоғамдық бірлестігі басшысының міндетін атқарушы Инна Санина, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік- психологиялық жұмыс тобының аға иснпекторы Нұргүл Жұмағұлова және Департаментке қарасты №8 түзеу мекемесінің жасақ бастығы Сәндібек Дюзембаев, балалар мен олардың ата- аналарын мерекемен құттықтап, барлық жақсылықты тіледі.

Көңілді кешті жалғастырған «Жұбанов жылуы» еріктілер қозғалысының ерікті- студенттері ортаны әдемі әндерімен және билерімен толтырып, «Қызыл телпек» ертегісінен қойылым қойды.

50-ге жуық ерекше балалар түрлі емдік қолдаулар алып келетін қоғамдық бірлестіктегі іс- шара биылғы «Балалар жылына» және 25 қазан Республика күнін мерекелеуге арналды.

«Әр мереке сайын біз балаларды жинап, оларға мерекелік көңіл- күй сыйлап, қуантуға тырысамыз. Сонымен қатар, жалпы жұмыс барысында аптасына бір рет ерекше балалардың ата- аналарына арналған психологиялық тренингтер өткіземіз. Балалар массаж және логопед бойынша ем алады. Сондай- ақ, ерекше ересек балалар және ерекше баласы бар отбасында тәрбиеленіп келетін ересек балалар үшін де психологиялық тренингтер ұйымдастырамыз»,- дейді «Ғажап» мүгедек балалар қоғамдық бірлестігі бастығының міндетін атқарушы Инна Санина.

Айта кету керек, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік- психологиялық бөлімі бұған дейін де «Ғажап» мүгедек балалар қоғамдық бірлестігімен тығыз қарым- қатынаста болып, балаларға жылы киімдер және сотталғандардың қолынан шыққан бұйымдар сыйлаған болатын.

Гүлфайруз Төремұратова,

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы,
Фотолар автордыкі

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...