12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әлеуметтік желідегі судьялар жауаптылығы

Халық қазір ақпараттың басым бөлігін әлеуметтік желіден алады. Сған орай, соттар мен судьялардың да әлеуметтік желіні ақпарат таратудың, өз жұмыстарын көрсетіп, халықпен тығыз байланыс орнатудың алаңына айналдырғаны белгілі.

Әлеуметтік желідегі іс-әрекетінде де судья әдептіліктің, сауаттылықтың, терең білімділіктің, кәсіби шеберліктің үлгісі болуы тиіс. Сонымен бірге, қарапайым азаматтармен ашық диалогқа түскен кезде көркем мінез бен сабырлық сақтауы кезек күттірмейді. Әлеуметтік желілерде соттармен судьяларға теріс пікір білдіріп, дәлелденбеген, нақтыланбаған деректерін көпшілікке таңғысы келетіндер аз емес. Ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов «Ит мені қапты деп, оны қапсам, адамдық аузымда не қасиет қалады» деген екен. Неше уақыт өтсе де мағынасы мен мәнін жоғалтпаған осы сөз ел алдында жүрген азаматтардың бәрінің қаперінде тұрғаны орынды. Судья да пікірталаста өзінен білімі мен танымы төмен азаматтардың деңгейіне түспеуге тырысуы керек. Әр сөзді жазарда оның жауаптылығын ойлау кезек күттірмейді.

         Судьяларға әлеуметтік желілер қызметін пайдалану кезінде тек ақыл-ойды ғана емес, сонымен қатар Судьялық әдеп кодексінің бұзылуы үшін нақты талаптарды басшылыққа алу қажет. Мұның себебі көп. Біріншіден, әлеуметтік желі – сот жұмысын насихаттаудың, ізденістері мен жетістіктерін көрсетудің құралы. Яғни, сот пен судьялардың әлеуметтік желілердегі қызметін біз қажеттілік деп бағалауымыз керек.  Соған орай, соттар мен судьялардың әлеуметтік желіге тіркеліп, өздеріне дос жинап, өз білімімен бөлісуі қоғамның, азаматтардың құқықтық сауатын көтеру үшін маңызды.

Екіншіден, әлеуметтік желі – сот пен халық арасын жалғайтын алтын көпір. Осы желілерді пайдалана отырып судьялар көпшіліктің сотқа қатысты назын, пікірін тыңдайды. Сонымен бірге, тікелей желі арқылы сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік алады.

Дегенмен, осы жерде біз төмендегі мәселелердің басын ашып алуымыз керек. Оның бастапқысы – әлеуметтік желіге тіркелген судья парақшасына қызығушылық танытқан достарын қалай іріктейді? Олардың арасында судья жүргізетін процестің қатысушылары болса қандай амал жасау керек? Ал достыққа тек полиция, прокурор, адвокат секілді құқықтық алаңда жұмыс істейтін әріптестерге ғана рұқсат берілсе, бұл қарапайым халықты алалау болып шықпай ма? Судьяның жазбалары құқықтық сауат ашуға, соттағы соны істерді көрсетуге бағытталатыны белгілі. Бұл тақырып күштік құрылым қызметкерлері мен прокурор, адвокаттарға таңсық болмайтыны түсінікті. Яғни, судья парақшасын көретін адамдарға қандай да бір талап қою, егер олардың арасында процесс тараптары кездейсоқ кездессе ол үшін судьяға жауаптылық белгілеу орынсыз болмақ. Сондықтан, бұл сұраққа қалайда ыждағатты түрде қарау керек.

Ендігі бір сауал – Судьялардың өз жазбасында кім туралы, не жайында жазуы тиістігін де ашып көрсеткен орынды. Бұл жерде басымдық – халықтың құқықтық сауатын көтеретін мәселелерге берілуі керек. Сондай-ақ, судьялар жаңа заңдарға жан-жақты түсінік берсе, заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардан хабардар етсе халыққа әлдеқайда пайдалырақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырғандай «еститін мемлекет» қалыптастыру үшін судьялардың әлеуметтік желіде онлайн қабылдаулар өткізіп, көпшіліктен түскен сауалдарға жедел жауап беруіне де жол ашқан абзал. Жалпы, заңдарды өзге мамандардан гөрі, сол заңдармен тікелей жұмыс жүргізетін судьялардың жақсы, терең түсіндіретініне ешкім таласа қоймас.

Тағы бір назар аударатын мәселе – судьялардың өзге парақша иелерінің жазбасына пікір білдіруіне қатысты туындайды. Әлеуметтік желіде отырған соң судьялардың белгілі бір тақырыптарға орай өзіндік пікірі болатыны түсінікті. Бірақ, ол пікір «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңы мен Судьялық әдеп кодексіндегі судьяларға қойылатын талап шеңберінен шықпауы тиіс. Ал заңда: «Судьялар партияларға, кәсiптiк одақтарға кiре алмайды, қандай да бiр саяси партияны қолдап немесе оған қарсы сөз сөйлеуiне болмайды» деп дәйектелген. Яғни, судья да өзіне тыйым салынған, шектеу қойылған тақырыптарды талқылаудан, саяси партиялар мен кәсіподаққа қатысты пікірталастан бойын аулақ ұстауға тиіс. Бұл да өз кезегінде Әдеп кодексіне сұранып тұрған өзгерістер.

Келесі түйткіл – әлеуметтік желідегі жазбаларға судьялардың өз реакциясын білдіруіне байланысты туындайды. Бұл жерде де судьяға жоғарыдағы кәсіби заңнамаларда қамтылған шектеулерден шықпау парыз. Айталық, судья өзі қарап жатқан істегі тараптың бірінің жазбасына, немесе адвокатының пікіріне бас бармағын шошайтып қолдау білдірсе, оның қай тарапқа көңілі бұратыны білініп қалады. Ал еліміздегі Азаматтық процестік кодекстің 13-бабында жұрттың бәрінің заң мен сот алдындағы теңдігіне кепілдік берілген. Осыған орай, судьялардың заңдар мен заң жобаларына, сот саласындағы реформалар мен бастамалардан басқа тақырып, жазбаларға өзіндік пікірін білдіруіне арнайы заңдық шектеу қойған дұрыс деген ойдамын.

Әлеуметтік желі жағымды, жағымсыз ақпаратқа, түрлі контентке толы. Оларды көруге, қарауға, ой түюге әркімнің қақысы бар. Тек сол өзі көрген ақпаратты бөлісер кезде де судьяда жауаптылық болғаны жөн. Судьяның ел ішінде беделі биік, абыройы жоғары болғандықтан, оның ұсынған, бөліскен ақпаратын азаматтар талғаусыз қабылдауы мүмкін. Судья бөліскен ақпаратты ол да ары қарай біраз адамға бөлісіп, көпшілік сеніміне ие болу үшін судьяның атын пайдалануы әбден мүмкін. Соған орай, судьяның өзі бөлесітен ақпаратының шынайылығына, пайдалы екеніне көз жеткізіп, күмәнді дүниеге сақ қарағаны абзал.

Өкінішке орай, қолданыстағы әдеп нормаларында судьяның әлеуметтік желідегі әрекетінің құқықтық қыры ашып көрсетілмеген. Судьяның әлеуметтік желідегі белсенділігі соттың ашықтығын арттырады дегенімізбен, оның заңдық тетіктерін нақтылап алу кезек күттірмейді.

Төленді Боранов,

Алматы қаласы

Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Сотрудники учреждения №3 возложили цветы к Вечному огню

Сотрудники учреждения №3 возложили цветы к Вечному огню в...

№3 мекеме қызметкерлері мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

ҚАЖ Департаментінің №3 мекеме қызметкерлері мәңгілік алауға гүл шоқтарын...

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған сенбілік

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамерті...

Абай мұрасы – ұлттық рухани қазына: Алматыда арнайы семинар өтті

2025 жылдың 13 мамырында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы...

Рабочее совещание!

В актовом зале РГУ «учреждения Nº3» КУИС МВД РК...