Түркістан облысында мемлекет пайдасына 102 миллион теңгеден астам кіріс түсті

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері 2022 жылдың 11-19 қазан аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Оның негізгі мақсаты — әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қаулылардың орындалуын бақылауды күшейту, оларды төлеуден жалтарған адамдардан әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу тиімділігін арттыру. Шара кезінде құрамында полиция мен жеке сот орындаушылары бар мобильді топтар құрылып, қызмет атқарды. Мәселен «Борышкер» іс-шарасының 10 күнінде полицейлер 6653 құқық бұзушылықты анықтап, мемлекет бюджетіне 102 миллион теңгеден астам кіріс түсті. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды орындамағаны үшін айыппұл тұрағына 30-дан астам автокөлік қойылды. Борышкерлерге Сот орындаушыларының тарапынан 3561 қаулы жіберіліп, олар бойынша 27 миллионға жуық теңге өндірілді. Құқық бұзушылардың жұмыс орны бойынша төлем туралы 754 қаулы жолданып, нәтижесінде 2 миллион теңге өндірілді. Осыған байланысты полицейлер азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға және басқа да құқық бұзушылықтар жасамауға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Научный журнал ЕНУ вошел в международную базу данных

Научный журнал Turkic Studies Journal, издаваемый Евразийским национальным университетом...

Қазақстан ЮНЕСКО-ның Гаагадағы жаһандық форумында дінаралық диалог тәжірибесін таныстырды

 Қазақстанның форумға алғашқы қатысуы ЮНЕСКО-мен және еуропалық серіктестермен ынтымақтастық...

В Алматинской области обсудили вопросы профилактики и раннего выявления онкологических заболеваний

По инициативе Управления здравоохранения Алматинской области совместно с Фондом...

Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау мәселелері талқыланды

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы, Түркітілдес журналистер қоры және...

ОНЛАЙН-СЕРВИСТЕР АЗАМАТТАРҒА САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРУГЕ ЖӘРДЕМДЕСЕДІ

Мәслихат депутаттарын сайлау барысында сайлау учаскелерінде азаматтардың дауыс беруіне...