Патрульдеу кезінде көлігінің терезесін күңгірттеген 5000 жүргізуші анықталды

Түркістан облысы ПД ЖПҚ Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тәулік бойы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Соның ішінде күнделікті атқарылған рейдтік-профилактикалық іс-шара барысында, 9 айдың ішінде 509-баптың 5-бөлігі күн көзінен күңгірттеу (тонировка) бойынша 5315 дерегін анықтаған.

Негізінде жүргізушілер арасында кең таралған жол қозғалысы ережесін бұзудың бір түрі, осы автокөліктің терезесін күңгірттеу. Мәселен патрульдік полиция батальонының инспекторы Ғалымжан Жақсылықов, республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолында патрульдеу кезінде, автокөлігінің терезелерін күңгірттеп алған жүргізушіні тоқтатады. Аталмыш «Toyota Camry» маркалы көліктің жүргізушісі Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Оның құжаттарын тексеріп, күңгірттеп алу заңға қайшы екені түсіндірілді. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігімен «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» хаттама толтырды. Осыдан соң полицей жүргізушінің терезесіндегі күңгірттелген пленканы алып тастауын қадағалап, қандай да бір орын алуы мүмкін жол апатының алдын алды. Жалпы облыс полицейлері мұндай құқық бұзушылық жайттарын анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмысты белсенді жалғастыруда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Точка юридической истины 

В НАЧАЛЕ 2026 ГОДА В НОТАРИАЛЬНОМ СООБЩЕСТВЕ КАЗАХСТАНА ПРОИЗОШЛО...

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...