2022 жылдың 01 қазаннан 2022 жылдың 01 қарашаға дейін Солтүстік Қазақстан облысы аумағында «Участок» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Алдын алу іс-шара мақсаты есепте тұрған тұлғалардың жаңа қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын сақтау болып табылады.
«Учаскток» ЖПШ жүргізу кезеңінде жазаны өтеу шарттары мен тәртібін бұзатын, профилактикалық сипаттағы әңгімелер жүргізе отырып, жаңа қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға бейім сотталғандар қатарынан адамдарды анықтау және тәртіптік ықпал ету шараларын қабылдау мақсатында адамдар көп жиналатын орындар тексерулермен қамтылатын болады.
Есепте тұрған контингент тарапынан әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған кезде сынақ мерзімін ұзарту немесе жазаны бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы мәселе шешілетін болады.
Айыртау ауданының ПҚБ инспекторы
әділет капитаны
А.И.Хоружий