Бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандарды жұмысқа орналастыру, оларды түзетудің негізгі құралы

​2022 жылғы 19 қазанында Астана қаласы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары әділет подполковнигі Р.С Тургумбаевтың төрағалығымен №2 мекемесі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің қызметкерлері және Астана қаласы бойынша ҚАЖД СЕҰТ бас маманы әділет подполковнигі Г.Р Аханова бірлесіп №2 мекемесі базасында РМК «Енбек-Аршалы» бастығының орынбасары Б.А Жумановты, Ақмола облысы Аршалы ауданының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры А.Глебованың, сонымен қатар мекеме аумағында өз кәсіпкерліктерін жүргізіп отырған ШОБ өкілдерінің қатысуымен кезекті жұмыс отырысын ұйымдастырып өткізді.

Жұмыс отырысының басты мәселесі мекемеде қылмыстық жазаларын өтеп жатқан сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатында өндірістік қуаттылықты кеңейту. Сонымен қатар, РМК «Енбек-Аршалы» филиалының өндірістік аумағныдағы бос орындарды жеке кәсіпкерлерге қолданысқа жалға беру сұрақтары қарастырылды.

​«Қазіргі таңда мекеме әкімшілігінің басты мәселесі талптық міндеттерін өтеу мақсатында сотталғандарды максималды түрде ақылы жұмысқа орналастыру екен»,- айтады Астана қаласы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары әділет подполковнигі Рысбек Тургумбаев.

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында жаз мезгілінің көтеріңкі...

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...