Елордалық колонияның психологтары «Қоғамда өз орнын таба алмау» тақырыбында изотерапия, бояуды үрлеу әдістемесі бойынша сабақ өткізді

Ағымдағы жылдың 17-ші қазан күні Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің №3 мекемесінің психологтары «Қоғамда өз орнын таба алмау» тақырыбында изотерапия, бояуды үрлеу әдістемесі бойынша сабақ өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты – өз проблемаларының ұтымды себептерін таба білу.

«Сотталғандармен жүргізетін психотерапевтік жұмысымызда бейнелеу өнерінің әдістерін қолданып арттерапиялық изотерапияның бір бағытын қолданамыз. Түрлі түсті комбинацияларды қолдану, бояудақтарын еркін жағу және бояуды үрлеу арқылы кескін пайда болады. Бұл сурет салу техникасы өзіңді түсінуге, сезімдерді көрсетуге, қақтығыстар мен тәжірибелерден арылуға мүмкіндік береді» — дейді № 3 мекемесінің психологы Г.Каликова.

Аталған іс-шараға жиырмаға жуық сотталған қатысты. Өз кезегінде сотталғандарда өткізілген іс-шарадан жақсы әсер алып бойларындағы жағымсыз ойларынан арылғандарын жеткізді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында жаз мезгілінің көтеріңкі...

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...