12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылорда облысында пробация есебіндегі сотталған 1,2 млн теңге грант ұтып алды

Қазіргі таңда пробация есебіндегі азаматтардың басым көпшілігі жеке кәсіпке бет бұрған. Бұл пробация инспекторлары мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесі. Кәсіп ашуды мақсат еткен пробация есебіндегі Б. есімді азамат “Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту” бағдарламасының “Бастау бизнес” жобасы бойынша бір айлық “кәсіпкерлік негіздері” курсын оқып, онлайн тест тапсырып сертификатын алып, өз жобасын қорғап шыққан.

Нәтижесінде мемлекеттен қайтарымсыз 1 млн 225 200 теңге грант ұтып алды. – “Бастау-бизнес” жобасы арқылы онлайн оқып, кәсіпкерлік жүргізудің қыр-сырын үйрендім. Қазіргі заманда жұмыс жасап, тұрмысын түзеймін деген жандарға мемлекет тарапынан көптеген мүмкіндіктер берілуде. Мал шаруашылығымен, бизнеспен айналысам деген адам қорықпай екі білегін сыбанып, екі қолға бір таяқты ұстап, малдың артынан қалмай, оны күтіп-бағып жасайтын болса, рахатын көретіні анық. Мемлекет тарапынан берілген қайтарымсыз қаражатқа мал шаруашылығымен айналыссам деп отырмын, – дейді есептегі сотталған.

Аудандық пробация қызметінің инспекторы Жақсыбек Жүнісовтің айтуынша, тағы бір есептегі азамат курсты толық аяқтап, тест тапсырып, сертификатын алған.

– Өз бизнес жоспарын жасап, комиссияға ұсынған. Комиссиямен мақұлданған жағдайда екінші сотталған азамат та жеке кәсіпке бет бұруды жоспарлап отыр. Мемлекетіміз тарапынан жасалып жатқан бұндай көмектер пробация қызметі есебіндегі азаматтарды қайта әлеуметтендіруге зор көмегін тигізуде, – дейді Жақсыбек Жүнісов.

№20 мекемеде сотталғандарды жұмыспен қамту және өндірістік әлеуетті дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №20 мекемеде...

В учреждении №20 обсудили вопросы занятости осуждённых и развития производственного потенциала

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Турнир по теннису ко Дню независимости объединил осуждённых в учреждении максимальной безопасности

В области Абай в учреждении максимальной безопасности состоялся турнир...

В учреждениисредней безопасности ДУИС по области Абай отметили День Независимости Республики Казахстан

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...