Алматы 1 станциясындағы Желілік полиция басқармасының қызмет көрсету аумағында көлік сақшылары еліміз азаматтарының қауіпсіздігін қорғау және теміржолдағы заңдылық пен тәртіпті сақтау бойынша күнделікті қызмет атқарады.
Алматы 1 станциясындағы Желілік полиция басқармасының қызмет көрсету аумағында «Заңсыз келуші-2022» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында көші-қон қызметі қызметкерлері тарапынан 8 азамат анықталып, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517 бабы 3 бөлімі, яғни Қазақстан Республикасында болу мерзімі аяқталғаннан кейін кетуді бұзғаны үшін Өзбекстан Республикасының 5 азаматы, Тәжікстан және Қырғызстаннан 1 азаматтан анықталды.
Ал Түркия елінің 1 азаматы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517 бабы 4 бөлімі бойынша, Қазақстан Республикасында болуының 10 тәулік кезеңінде кетуден жалтарғаны үшін анықталып, осы факт бойынша Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Түркия азаматы Қазақстан Республикасының шегінен шығарылды.
Сондай-ақ, көрші елдердегі жағдайға байланысты, тұрақты түрде Алматы 1 және Алматы 2 станциялары, басқарма қызмет көрсету аумағында орналасқан теміржол ұйымдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 392, 394, 395 баптары бойынша анықтауға арнайы тексеріліп, пысықталды, яғни, Қазақстан Республикасының шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, жұмыс күшін тарту және пайдалану ережелерін бұзу, сондай-ақ шығарып салу туралы сот шешімдерін орындамаған азаматтар бойынша.
Қызметтегі қырағылық, адалдық және жауапкершілік заңдылық пен азаматтардың қауіпсіздігінің кепілі болып табылады.
Алматы 1 ст. ЖПБ