Алматы облысының колониясына есірткі лақтыруға тырысқан ер адам ұсталды

Алматы облысының №57 мекемесіне есірткі лақтыруға тырысқан ер адам ұсталды.

Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №57 қауіпсіздігі жоғары мекемесінде есірткі затын аумаққа лақтыру фактісінің алдын алды.

Мекеменің іргелес аумағында, скотчпен оратылған 3 түйіншекті тыйым салынған аумаққа лақтырмақ кезінде, ҚАЖ қызметкерлерімен ер азамат ұсталды. Түйіншек ішінен 700 дана қара-жасыл түсті дәрі тектес және жасыл түсті шөп тектес есірткі заттар анықталып, тәркіленді.

«Аталған факті бойынша Қонаев қаласының полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. Ұсталған ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу іс амалдары басталды»,- деп атап өтті, Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 1-бөлігінде есірткі заттарын заңсыз жібергені немесе өткізгені үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көзделген.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...