Қылмыстық атқару жүйесінің басты мақсаттарының бірі сотталғандарды еңбекпен қамту

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №14 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлері тарапынан, сотталғандарды ақылы жұмыспен қамту барысында орасан зор жұмыстар атқаруда. Айта кетсек, мекеме аумағы бойынша бүгінгі таңда 7 жеке және шағын орта бизнес өкілдері өз істерін нарық талаптарына сай сәтті жүргізуде, тапсырыстар ұлғайуда, жұмыс орындары артуда.

Мекеменің өндірістік аумағында ЖСШ «Kidlegacy» (кішігірім архитектуралық формаларды шығару «КАФ») – 26 сотталған жұмыспен қамтылған, жұмыс барысы сәтті жүруде, осыған байланысты қазіргі таңда сотталғандарға деген жұмыс орындарын ұлғайуда, сотталғандар тарапынан өндіріс орнына кіруге қызығушылық танытуда, жұмысқа деген ынталары ұлғайуда. Жеке кәсіпкерге мекеме әкімшілігі тарапынан барынша қолдаулар көрсетілуде.

Шағын және орта бизнес өкілдерін мекеме аумағына өз өндіріс орындарын ашуға шақырамыз.

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында жаз мезгілінің көтеріңкі...

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...