12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотталғанның туыстары оны 20 жылдан астам уақыт бойы қайтыс болды деп санады

2022 жылдың 22 қыркүйегінде Петропавл әйелдер колониясында ашық есік күні өткен болатын. Іс-шараның басты оқиғасы сотталған Баязиева Алтынгүлдің өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды оңалту орталығында тұрған 8 жасар қызымен көптен күткен кездесуі болды. 3 жыл ажырасқаннан кейін отбасының бірігуі Солтүстік Қазақстан облысының жаңалықтар арналарында жарияланды.

08 қазанда ер адам әйелдер колониясына жүгініп, өзін сотталған Баязиеваның туған ағасы екенін мәлімдеді. Жиенімен байланыс 20 жыл бұрын анасы, яғни ер адамның әпкесі, қайтыс болғаннан кейін үзілді. Осы уақыт ішінде сотталғанның туыстары оның қайда екенін білмей оны қайтыс болды деп санады.

10 қазанда ер адам бас бостандығынан айыру мекмесіне жиенімен қысқа мерзімді кездесу үшін келген. 8 жыл бойы ол мектеп директоры болып жұмыс атқарып жатыр. Белгілі болғандай, ер адам сотталғанның туған ағасын да тәрбиелеп өсірген, енді ол балалар үйінен А. Баязиеваның қызын уақытша алып кетуді жоспарлап отыр.

«Жұма күні таныстарым маған ашық есік күнінен жаңалықтар видеосын жіберді. Мен бірден жиенімді, туған қанымды таныдым. Сол сәтте қандай эмоцияларда болғанымды білмеймін. Көптеген жылдар бойы іздеулерден кейін ол тірі және сау болып шықты және оның қыз баласы да бар. Енді мен оны анасы босатылғанға дейін өз қамқорлығыма алуды жоспарлап отырмын. Бұл мәселені біз талқыладық, Алтынгүл қарсы емес. Маған көмектескендердің барлығына алғысымды білдіргім келеді. Кім біледі, егер ол жаңалықтарда көрсетілмесе, біз тағы кездесер бе едік», — дейді ер адам.

«Босатылғаннан кейін бізбен бірге тұрасын. Бұл туралы алаңдама, ешкім қарсы емес. Енді біз сені ешқашан жоғалтпаймыз», — осындай әсерлі нотада ағасы мен жиенінің 20 жылдағы алғашқы әңгімесі аяқталды.

Әділет майоры

Оксана Вышар

«Заңды бұзудың түбі – темір тор»: сотталғанның ащы өкініші

Қызылорда облысында сотталған азамат ащы өкінішін айтты, – деп...

Сотталғандармен психологиялық жұмыс: қорқыныштың алдын алу сессиясы

Абай облысындағы №21 мекемеде сотталған азаматтармен психологиялық қолдау жұмыстары...

Облыс прокуратурасының қызметкерлері жаза өтеудегі тұлғалармен кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп» қағидаты және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдық...

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...