Астаналық түзеу мекемесінде электрондық құжат түріндегі арыз-шағымдардарды қабылдайтын жүйе қолданыста отыр

№2 мекемеде сотталғандардың арыздарын, өтініштерін және шартты түрде мерзімінен бұрын босату мен жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыруға жазған қолдаухаттарын жіберу жұмыстары жүргізіліп отыр.

Қолданыс үщін барлығы 4 терминал орнатылған және олар мекемеде сотталғандар үшін қолайлы орындарда және үзіліссіз бейнебақылаумен қадағаланып отыр. Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару кодексінде пенитенциарлық жүйе мекемелеріне қамауға алынған сотталғандардың құқықтары мен міндеттері жазылған. Жазасын өтеп жүрген азаматтардың заңгерлік, медициналық және психологиялық көмекті ешқандай кедергісіз алуға құқылы. Сондай-ақ оларға еңбек қауіпсіздігіне, әлеуметтік, зейнетақымен  қамтамасыз етуге және жазаны өтеу шарттарының нормаларын сақтауға кепілдік беріледі.

«Терминалдарды қолдану – мекеме қызметкерлерінің қызметтік құқығын асыра пайдалануының алдын-алу және жолын кесу бойынша ерекшелігі бар» — деп, қысқа қайырды №2 мекеме бастығы әділет майоры Нурлан Беков.

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында жаз мезгілінің көтеріңкі...

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...